Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды
Дауылға байланысты Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 8 қарашада Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстікте және облыс орталығында 15-20, түнде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, түнде екпіні секундына 25 метрге жетеді. Түркістан облысының оңтүстік және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.