Әлемнің абсолют чемпионы атанған "Конело" мәлімдеме жасады
Әлемнің абсолют чемпионы атанған "Конело" мәлімдеме жасады
185
оқылды
31 жастағы мексикалық Сауль "Канело" Альварес бокстан супер орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы атанды. 7 қарашада Альварес Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) MGM Grand аренасында 29 жастағы америкалық Калеб Плантпен жекпе-жекке шығып,  WBA, WBC және WBO чемпиондық белбеулері мен Планттың IBF титулдары үшін жұдырықтасты. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жетпей, 11-раундта ол алдымен нокдаун жасап, кейін қарсыласын нокаутқа түсірді. Sports.kz мәліметінше, "Конело" қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді.
– Мен үшін тағы төрт жекпе-жек - қалыпты. Үш-төрт айқас өткізуге дайынмын. Мен еркін агентпін, сондықтан үздік жекпе-жектерге қатысқым келеді, - деді Альварес.
Сондай-ақ «Канело» орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу мүмкіндігін де бағалады.
- Мен Головкинмен жұдырықтасқым келеді. Егер ол супер орта салмаққа ауысуға дайын болса, мен де дайынмын. Әрқашан. Абсолютті чемпион болу оңай емес. Мықтылармен айқасуға әрқашан дайынмын, – деп қосты ол.