Вэл Баркер кубогінің иегері белгілі болды
Вэл Баркер кубогінің иегері белгілі болды
460
оқылды
Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) Белградта өткен бокстан XXI әлем чемпионатының үздік боксшысының есімін жариялады, – деп хабарлайды Prosports.kz. Дәстүрлі түрде Олимпиададағы ең мықты боксшыға берілетін Вэл Баркер кубогы бұл жолы жаһан біріншілігінің қорытындысы бойынша берілді. Оның иегері 63,5 келі салмақта топ жарған кубалық Энди Круз Гомес болды. Круз биылғы Олимпиада ойындарында да жеңіске жетті. Ол үшін бұл әлем чемпионатындағы үшінші алтын.
Қазақстандық Серік Сәпиев (2012), Бақтияр Артаев (2004) және Василий Жиров (1996) Вэл Баркер кубогының иегері атанған.