«Ең мықты қарсыласы қазақ болды»: Украина бапкері әлем чемпионы болған Юрий Захареевтің жекпе-жектері туралы айтты
«Ең мықты қарсыласы қазақ болды»: Украина бапкері әлем чемпионы болған Юрий Захареевтің жекпе-жектері туралы айтты
Фото: Sports.kz.
Украинаның бокстан ұлттық құрамасының экс-бас бапкері Дмитрий Сосновский 19 жастағы украиналық боксшы Юрий Захареевтің Белградтағы 2021 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісі, жекпе-жектері туралы пікір білдірді. Бапкер Захареевтің Асланбек Шымбергеновпен ширек финалдық кездесуін ерекше атап өтті, – деп жазады Sports.kz. Жекпе-жек болашақ әлем чемпионының жеңісімен аяқталған еді – 3:2.
"Оның алты жекпе-жегінің ішінде жартылай финалға шығу үшін лайықты түрде қарсылық көрсеткен қазақ Асланбек Шымбергеновпен болған жекпе-жек есімде  қалды. Ал финалда Захареевтің ресейлік Вадим Мусаевты жеңетініне еш күмән болмады", – деді Сосновский.