Жамбыл облысында 27 адам малы жолға шығып кеткені үшін айыппұл төледі
Жамбыл облысында 27 адам малы жолға шығып кеткені үшін айыппұл төледі
Фото: turantimes.kz
137
оқылды

Малды көлік қаққан жайттар жиілеген соң, полицейлер арнайы рейд өткізді. Мал жаю ережелерін сақтамаған 269 дерек анықталды.

Полиция департаментінің қызметкерлері жолға жақын орналасқан елді мекен тұрғындары мен қосалқы шаруашылық иелері арасында жол апатының алдын алу үшін түсіндіру жұмысын жүргізді. Анықталған 269 деректің 242-сіне ескерту жасалып, 27 әкімшілік айыппұл салынды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы 1-бөлігі бойынша 44 дерек анықталды. Атап айтқанда, Байзақ ауданында 5 дерек, Жуалы ауданында – 5, Қордай ауданында – 3, Меркі ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 5, Тұрар Рысқұлов ауданында – 9, Сарысу ауданында – 4, Талас ауданында – 11 дерек. Төрт түлікке жарық шағылыстыратын элементтер тағу керегін, жол жанында мал жаюға болмайтынын тұрғындарға түсіндірді», – деді Жамбыл облысының ПД ЖПҚБ бастығы Рахымберді Әшкеев.

Бұған дейін көлік жүргізушісі қойды қағып кеткені туралы жазған болатынбыз.