Алматыда екі қабатты үйдің шатыры отқа оранды – видео 
Алматыда екі қабатты үйдің шатыры отқа оранды – видео 
161
оқылды

Қалалық ТЖД-не шақырту сағат 10:24-те келіп түскен. Сол сәтте өрт сөндірушілер шұғыл түрде  оқиға орнына аттанды.

   width=

«Құтқарушылар жеткен кезде 280 шаршы метр аумақта салынып жатқан екі қабатты тұрғын үйдің шатыры жанып жатқанын анықтады. Өрттің тез таралуына сол жердегі тез жанғыш материалдар мен шатырдың жұмсақ битуммен жабылуы себеп болған», – деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Тілсіз жауды ауыздықтауға  жедел штаб құрылды.  Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 11 сағат 31 минутта өрт толық сөндірілді.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Төтенше қызметтегілер берген мәлімет бойынша үйдің бірінші және екінші қабаттарына зақым келмеген. Зардап  шеккендер жоқ.

Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы