Елорданың саяжай аумағына тұратын бір отбасының 6 баласы бүгін таңертең газдан уланып, ауруханаға түсті. Балалардың үлкені 12 жаста, кішісі бір-екі айлық.
«7:40-та ауруханаға түсті. Олар улы газдан уланып қалған. Балалар 2009, 2011, 2013, 2017, 2020 және 2021 жылы туған», – деді Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік өртті бақылау басқармасының бас маманы Айгерім Раимқұлова брифингте.Бұл отбасы Қызылорда облысынан Нұр-Сұлтанға қыркүйекте көшіп келген. Маманның айтуынша, қазір балалар медициналық тексерістен өткізіліп жатыр, олар орташа деңгейде уланған.