ІІМ басшысы Алматыдағы НЗМ оқушысының өліміне қатысты пікір білдірді
ІІМ басшысы Алматыдағы НЗМ оқушысының өліміне қатысты пікір білдірді
© tengrinews.kz
157
оқылды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғау органдары қайтыс болған "Назарбаев Зияткерлік мектебі" оқушысының сыныптастарын, туған-туыстары мен ата-анасынан жауап алып жатқанын айтты.  
«Қазір Назарбаев Зияткерлік мектебінде тексеріс жүріп жатыр. Мен бұл оқиғадан хабардармын, мән-жайын ашып айта алмаймын. Бұл адам өлтіру емес, өзіне-өзі қол жұмсау. Оқушы өзі осындай шешім қабылдаған. Оған не себеп болғанын анықтау үшін тексеріс жүріп жатыр», – деді Ерлан Тұрғымбаев Парламент Мәжілісінде.
Айтуынша, тексеру жұмыстары аяқталған соң оқиғаға құқықтық баға беріледі. Бұған дейін Назарбаев Зияткерлік мектебінің қайтыс болған 8-сынып оқушысының әкесі мәлімдеме жасағанын жазған болатынбыз.