Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасының биылғы 10 айдағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы және әлемдегі инфляциялық қысымның күшейіп, азық-түлік бағасының қымбаттай түскені туралы есебін тыңдады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық валюта қорының инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі болжамдары, сондай-ақ дамыған елдердің ынталандыру саясатынан бейтарап саясатқа көшуіне байланысты дамушы нарықтардан капиталдың жылыстау қаупі бар екені айтылды.