Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты
Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты
Өрт туралы ақпарат Төтенше жағдайлар департаментіне 8 қараша күні таңғы сағат 06:41 кезінде түскен. Өрт сөндірушілер Бостандық ауданы «Қазақфильм» шағынауданындағы мекенжайға жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты. Өрт сөндірушілер келген кезде бес қабатты үйдің бірінші қабатының баспалдағын қою қара түтін басқан. Тұрғындардың басым бөлігі пәтерінен сыртқа шығып үлгерген. Ал өртке оранған пәтерге газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары құтқару құралдарының көмегімен темір торды бұзып, ас үйде қамалып қалған 75 жастағы үй иесін шығарды. Әжесі екі немересін қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Барлау кезінде үш бөлмелі пәтердің бірінде ер адамның бар екені туралы айтылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жанып жатқан бөлменің ішінен 1977 жылы туған ер адамның денесі табылды.