Ер адам ломбардтан 40 млн теңгенің алтынын ұрлап кеткен
Ер адам ломбардтан 40 млн теңгенің алтынын ұрлап кеткен
gazeta.ru
125
оқылды
Алматыда арнайы операция барысында ломбардтан құны 40 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды ұрлаған күдікті ұсталды.
«11 қыркүйекте Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Қаскелең қаласының 54 жастағы тұрғыны ұрлық жасалғаны туралы арыз түсірді. Ол ломбардтан жалпы құны 40 миллион теңгенің зергерлік бұйымдары ұрланғанын айтты. Жәбірленушінің сөзінше, ұры ішке қабырғаны бұзып кірген»,- деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факт ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Арнайы ұйымдастырылған жедел-іздестіру шарасы барысында Алматы облысы ІІД криминалдық Полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 36 жастағы күдіктіні анықтады. Ер адам жалдамалы пәтерлерде тұрып, мекенжайын жиі ауыстырған.
«Алматыда арнайы жасақ сарбаздарының қатысуымен жүргізілген операция барысында 6 қараша күні күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам ұрлық жасағанын мойындады. Ол ломбардқа дабылды өшіріп, арнайы құрылғының көмегімен қабырғаны бұзып кіргенін айтты»,- деп атап өтті ведомстводан.
Ол ұрланған зергерлік бұйымдарды алыпсатарларға өткізген. Түскен ақшаға кепілде тұрған әйелінің көлігі мен өзіне су жаңа қымбат көлік сатып алғаны белгілі болды.