Бүгінгі жағдай бойынша, ВАК Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.Бүгін коронавирусқа шалдыққандар саны 950 мыңнан асты.