Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
7 қарашада пневмония 16 адамнан анықталды. 2 адам көз жұмды. Аурудан 51 адам емделіп шықты. Ал бүгінгі мәлімет бойынша, 39 705 адам коронавирустан (34 414 КВИ+ және 5 291 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:- 7 317 пациент стационарда,
- 32 388 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 520 адамның жағдайы ауыр,
- 144 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 110 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Бүгін коронавирусқа шалдыққандар саны біршама азайды.