«Ұрып жатыр...» – 18 жастағы қыздың өліміне қатысты тың мәліметтер жарияланды
«Ұрып жатыр...» – 18 жастағы қыздың өліміне қатысты тың мәліметтер жарияланды
Фото: kazlenta.kz
167
оқылды

Оның мәйіті элиталы тұрғын үй кешенінен табылды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Оқиға Latifa тұрғын кешенінің 13-қабатындағы пәтерде болған. Тұрғындардың айтуынша, 18 жастағы қызды жігіті өлтіріп, өртеп жіберген. Түнгі сағат 1-лер шамасында айқай-шу шыққан. Бойжеткен туған әпкесіне кешкі сағат жетілер шамасында «құрбымның үйінде түнеймін» деп жазып жіберген. Алайда біршама уақыт өткеннен кейін «ұрып жатыр» деп бір ауыз сөз жазып, көмек сұраған. Жылдам жеткен жақындары полиция шақыртыпты. 13 қабатты бұл үйдегі пәтерлердің көпшілігі бір тәулікке жалға беріледі.  Солай бола тұра, ылғи да тыныш болатын дейді көршілері. Алайда осы жолы түн ортасында шыңғырған дауыс естіп, күйіктің иісін сезген.

Көршісі Екатерина: «Пәтерді ашқан кезде жануарды өртегенде шығатын жиіркенішті иіс шықты. Сонымен қатар алкогольдің иісі де мүңкіп тұрды. 12 жарымда қатты соққыдан кейін шыңғырған дауыс естідім. Бірақ мен нәресте құлап жылаған шығар деп ойладым. Өлтірген жігіт түнгі сағат 1-лерде қашып кеткен сияқты», – дейді.

Аяусыз өлтіріп қашқан күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдіктінің кім екені анықталды.
Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Дерек ҚР ҚК 99- бабы, 2- бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеліп, Медеу аудандық полиция басқармасың өндірісінде екенін хабарлайды. Арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Жеке басы анықталған күдіктіні ұстау бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Осы ретте жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз», – деп ресми мәлімет айтты.

Күдіктіні полицейлер іздеп жатыр.