Жалақыны уақтылы төлемеген кәсіпорын басшыларына қанша айыппұл салды?
Жалақыны уақтылы төлемеген кәсіпорын басшыларына қанша айыппұл салды?
Фото: news.myseldon.com

Биыл 1 қарашадағы мәлімет бойынша, Мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 847 кәсіпорнында 21,9 мың жұмысшының алдында 5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 918 нұсқама беріліп, 118,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Соның нәтижесінде, 20,6 мыңнан астам жұмысшының құқы қорғалды. Оларға 4,9 миллиард теңге төленді.

Қазақстанда ең көп жалақы алатындар туралы жазған болатынбыз.