Бес көлік бір сәтте бір-біріне соғылды, зардап шеккендер бар
Бес көлік бір сәтте бір-біріне соғылды, зардап шеккендер бар
Фото: zakon.kz

Жол апаты Әуезов көшесінде болған. Куәгердің айтуынша, Peugeot 301 көлігі жүргізушісінің кенеттен денсаулығы нашарлап, рөлге ие бола алмай, Toyota Matrix-ке соғылған.

   width= Соның салдарынан Toyota көлігі Subaru Outback-ке, Subaru Mercedes-Maybach-қа, Maybach-Nissan Qashqai-ге барып соғылған. Жол апатынан Рeugeot-тің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті.

Бұған дейін Алматыда автобус жүргізушісі жолаушыны қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз.