Аяжан Еділованың өлімі: Алматыда сот отырысы басталды
Аяжан Еділованың өлімі: Алматыда сот отырысы басталды
Фото: yandex.kz

Алматы қалалық сотының хабарлауынша, сот процесі аса ауыр қылмыстар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта жабық режимде өтеді. Істі судья Еркін Майшынов қарайды.

Осыған дейін күдікті істің алқабилердің қатысуымен қаралу құқығынан бас тартқан еді. Іс 20 қазан күні сотқа түскен болатын.

Биыл 19 наурызда Алматыда 19 жастағы студент Аяжан Еділова кісі қолынан қаза тапқан еді. Күдіктінің 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны екенін полиция анықтады.