Татарстандық азамат Ақкөл тұрғынының атынан 1 миллион теңге несие алған
Татарстандық азамат Ақкөл тұрғынының атынан 1 миллион теңге несие алған
Фото: zakon.temaretik.com

Ақмола облысының Ақкөл ауданының тұрғынының атынан AnyDesk қосымшасының көмегімен алаяқтық жасаған ер адам 1 миллион теңге несие алған. Күдікті араға екі ай салып полицияның құрығына ілінді, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері ақпараттық технологияны қолданылған қылмысты республикалық Hi-Tech жедел алдын алу шарасы барысында анықтаған.

«Ақкөл ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне жүгінген 49 жастағы жергілікті тұрғын полицейлерге 8 қыркүйек күні белгісіз біреудің өзін «Home Bank» қауіпсіздік қызметкері деп таныстырып, қашықтан жұмыс істейтін AnyDesk бағдарламасын қолданып, жәбірленушінің атына жалпы сомасы 1 миллион теңге несие алғанын хабарлады. Жедел іздестіру барысында осыған дейін Ресей Федерациясы қылмыстық кодексінің 111-бабының 1- тармағымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған Татарстан Республиксының 39 жастағы тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласынан ұсталды», - дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы