Ғаламтор мен автоматтандырылған жүйелерді пайдаланып, жеке деректердің қорғалуына нұқсан келгені хабарланды.
Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде 200 миллионға жуық адамның, соның ішінде Қазақстан, Молдова, Белоруссия, Украина және ТМД азаматтарының жеке деректері заңсыз таратылған ірі веб-ресурстардың бірінің қызметі тоқтатылды, – делінген Украина ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.Бұғатталған сайтта азаматтардың телефон нөмірлері, аты-жөні, тіркелген жерлері, ал кейбір жағдайларда көлік құралдарын пайдалануға байланысты көрсетілген әкімшілік қызметтер туралы ақпарат болған. Бұл дерек бойынша Украина Қылмыстық Кодексінің 182-бабы («Жеке өмірге қолсұғушылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.