Жамбылда 1676 автокөлік «ауада» тұр

Жамбылда 1676 автокөлік «ауада» тұр

Қазақстан аумағында пайдаланылатын 88 мың ресейлік  көлік құралдары Ресей Федерациясының ІІМ-де есепте тұрмайтыны анықталды. Көрші елден есептен шығарылған автокөліктердің  1676-сы Жамбыл облысында жүр. Жамбыл облысы әкімшілік Полиция басқармасының бастығы Жайдарбек Құттыбаевтың айтуынша, қазір сала мамандары осы бағытта жұмыстар жүргізуде.

 «Жол жүрісі туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол жүрісіне қатысуға белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралдары ғана жіберіледі. Шетелдік тіркеуі бар басқа көлік құралдарына келетін болсақ, құқық белгілейтін құжаттар мен тіркеу растамасы болған жағдайда, олар әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің талаптарын сақтап және Қазақстан аумағында болу мерзімдерін сақтай отырып пайдаланылуға рұқсат етіледі», - дейді мамандар.
Ал екі елде де есепте жоқ 1676 көліктің Жамбыл жерінде қанша уақыт заңсыз жүретіндігі әлі белгісіз.  

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы