Алматыда жұмысшы биіктен құлап көз жұмды
Алматыда жұмысшы биіктен құлап көз жұмды
Алматыдағы құрылыс нысандарының бірінде оқыс оқиға орын алды. Жұмысшы құрылыс алаңында биіктен құлап, мерт болды. Оқиға Самал-3 ықшам ауданындағы құрылыс алаңында болған. 25 жастағы құрылысшы қауіпсіздік белбеуінсіз биіктікте жұмыс істеп жүрген. Жас жігіт дәрігерлер бригадасы келгенше көз жұмды.
Қазіргі уақытта бұл іс бойынша арнайы сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі, – деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.