Өскеменде екі жұмысшының өлімін тексеру үшін арнайы комиссия құрылады
Өскеменде екі жұмысшының өлімін тексеру үшін арнайы комиссия құрылады

Өскемен қаласында кәсіпорындағы 2 адамның өлімін тексеру үшін арнайы комиссия құрылады. Бұл туралы ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов айтты.

«Қазіргі уақытта кәсіпорындағы қайғылы жағдай жан-жақты тексеріліп жатыр. 5 қарашада сағат 17:20 шамасында «POSUK Titanium» ЖШС-ның екі жұмысшысы көз жұмды. Белгілі болғандай, олар электронды-сәулелік пеште профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол жерге басқарма мамандары мен прокуратура қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия құрылып жатыр», – деді басқарма басшысы.

Азамат ҚАСЫМ, Өскемен