Қазақстандық таеквондошылар халықаралық турнирде 6 алтын еншіледі
Қазақстандық таеквондошылар халықаралық турнирде 6 алтын еншіледі
Фото: sport.inform.kz
Таеквондодан Қазақстан құрамасы «2021 COAS Pakistan Open Taekwondo Championships» халықаралық турнирінің командалық есебінде бірінші орынға ие болды, – деп хабарлайды Olympic.kz. Исламабад қаласында өткен G-1 дәрежелі жарыста қазақстандық таеквондошылар алты алтын және бір күміс медалін жеңіп алды. Айдана Еділбаева (46 келіге дейін), Нұрай Бауыржанова (49 кг), Жадыра Хайруллина (62 кг), Нұрай Хусайнова (67 кг), Джансель Дениз (73 кг) және Айгүл Елубай (73 кг) турнир чемпиондары атанды. Диана Әбсенова (62 кг) ел қоржынына күміс медальді салды.