«Миф» дегені жалған болып шықты
«Миф» дегені жалған болып шықты
206
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігі кір жуу ұнтақтарын қолдан жасайтын жасырын цехты тауып, жапты. Кон­тра­фактілік тауарларды өн­діру және сату – көп мил­лиардтық табыс әкелетін заңсыз бизнес. Ол Қазақ­стан­да да белең алуда. Бұл мем­лекетке де, азамат­тар­дың денсаулығы мен қа­уіп­сіздігіне де айтарлықтай зиян келтіреді.

Қаржылық мониторинг агент­тігі контрафактіні өндіру және өткізу деректерімен күрес жүргізуде. Агенттіктің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері контрафактілік кір жуу ұнтақ­тарын дайындайтын астыртын цех қызметінің жолын кесті. Жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан қаласының тұрғыны Р.Абдуллаев «Иштихат» тұрғын алабындағы Доспанбет жырау көшесінде цех ашқан. Бірақ бұл экономикаға үлес қосатын бизнес субъектісі емес: онда заңсыз жолмен Ariel, Тide, «Миф», Persil маркалы 2, 3, 6 келілік қаптарға қорапталған ұнтақтар дайындап келгені анықталды. Ұнтақтарды буып-түюге және өлшеп-орауға арналған 7 жабдық, 500-ден астам ұнтақ қаптамасы, 20 келілік 100-ден астам ұнтақ, белгілі маркалардың атаулары бар полиэтилен пакет тәркіленді. Құқық иесі The Procter&  Gamble Company компаниясына зор залал келтірілген. Р.Абдуллаевқа 5,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салын­ғаны мәлім болды.  

Елдос СЕНБАЙ