Атырауда Ресейден әкелінген көліктің нөмірі 3 көлікке тіркелгені анықталды
Атырауда Ресейден әкелінген көліктің нөмірі 3 көлікке тіркелгені анықталды
Фото: inbusiness.kz
104
оқылды
Атырау облысына Ресейден 100-ден астам көлік жалған құжатпен әкелінген. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Берік Амангелдінің айтуынша, Ресейден әкелінген көлік құжаты 3 көлікке тиесілі екені анықталған. «Атырау облысының аумағында 8 қарашада «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Патрульдік полициясы қызметкерлері іс-шараның алғашқы күні сағат 17:00 шамасында «Ақтау-Атырау» тас жолында жылдамдықты шамадан тыс асырғаны үшін Ресейде тіркелген «Toyota Ipsum» маркалы автокөлігін тоқтатты. Автокөліктің құжаттарын тексеру кезінде тіркеу белгісі мен маркасы сәйкес келмейтіні анықталды. Көліктегі мемлекеттік белгі «Nissan Fuga» және «Маз» автокөліктеріне де тіркелгені белгілі болды. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 386-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қоғалды» – дейді Берік Амангелді. Оның айтуынша, облыс аумағына Ресейден жалған тіркеу нөмірімен және құжатпен әкелінген 100-ден астам автокөлік анықталған.