Полиция бастығы заңсыздыққа барған
Полиция бастығы заңсыздыққа барған
158
оқылды

Қостанайда полиция бас­тығы көлігіне жалған нөмір тағып жүргені үшін қызметінен кетті. Бұл фак­тіге қатысты Қостанай об­лысының Полиция департа­мен­ті түсінік берді. Ве­дом­ствода хабарлағандай, ҚР ІІМ-де полицияны рефор­малау аясында басты ба­сымдық белгіленген. Сол үшін жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті сақ­тау қажет.

«YouТube-та жарияланған видеода Қостанай облысының ПД Сарыкөл ауданы полиция бө­лімінің бастығы Қайрат Әбді­ха­лықовтың заңсыз әрекеті ту­ра­лы қызметтік тергеу жүр­гізілді. Мемлекеттік қызмет­ші­нің Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін Сарыкөл аудандық ПБ по­ли­ция қызметкерлері қатаң тәр­тіп­тік жауапқа тар­тыл­ды», – деп хабарлады Полиция депар­таменті. Жүргізушіні әкімшілік жа­уапқа тарту үшін материал Қос­танай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасына жолданды. «Осыдан кейін Сарыкөл ау­данының полиция бастығы Қай­рат Әбдіхалықов қызметінен бо­сатылды», – деп толықтырды По­лиция департаментінің бас­пасөз қызметі.  

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ