«Несие алып беремін» – алаяққа сенген тұрғын 850 мың теңгесінен айырылды
«Несие алып беремін» – алаяққа сенген тұрғын 850 мың теңгесінен айырылды
Фото: kaz.nur.kz

Полиция басқармасының мәліметінше, Ұлан ауданының 34 жастағы тұрғыны араша сұраған. Ол несие рәсімдеуге «көмектесемін» деген танысына 850 мың теңге бергенін айтқан. Бірақ сол күйі несие ала алмай, ақшасынан айырылған.

«Жәбірленушінің айтуынша, ол бұрын алған несиелерді жабу үшін жаңадан несие алмақ болды. Алайда алаяқтың арбауына түсіп қалғанын білген соң полициядан көмек сұраған. Тәртіп сақшылары көп ұзамай 52 жастағы күдіктіні қолға түсірді», – деді басқарма бастығы Андрей Мула.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.