Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, олар "өндіріс ашамыз" деп құжат тапсырып, жасырын майнинг фермасын құрған.
Енді өңірдегі барлық кәсіпорындардың жұмысы тексеріледі. Энергия қуатын үнемі белгілі бір мөлшерде тұтынып келіп, кейін бірден көбейтіп жіберген өндіріс орындарына жаппай аудит жүргізіледі. Қарағанды облысы еліміз бойынша криптовалюта өндіруден 2-орында тұр. Мұнда 8 компания заңды түрде тіркелген.Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек: «Ондай компаниялардың қазір біреуін таптық. Оны жауып жатырмыз. «Силициум Қазақстан» бар ғой, соның аумағында қосымша майнинг компаниясы болған. Қазір ол жабылды. Майнинг фермалары бойынша қазір арнайы жұмыс атқарып жатырмыз. Қарағанды облысында олар аз емес. Біздің есебіміз бойынша 80-90 мегаватт соларға кетіп жатыр», – деді.