Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакцинация 22 қарашада басталатынын айтты.
Министр бұған дейін де тұрғындарды ревакцинациялау туралы бірнеше рет айтқан болатын.Ең бірінші кезекте ревакцинациядан медицина саласының қызметкерлері, педагогтер, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен контингенті, жабық балалар мекемелері, күштік құрылым қызметкерлері өтетін болады.«Қазақстанда ревакцинация 22 қарашада 2 кезеңмен басталады», – деді Алексей Цой.
Бүгінде Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 компонентін 7 миллионнан аса адам алды.