Бағлан Бекбауов жаңа қызметке тағайындалды
Бағлан Бекбауов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Бағлан Бекбауов 1983 жылы Түркістан қаласында туған. Қ.А. Яссауи атындағы атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, М. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі  – есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету, құқықтану. Еңбек жолын 2006 жылы жекеменшік компанияда бағдарламашы лауазымынан бастаған. 2008-2016 жж – «ҰАТ» АҚ құрылымында түрлі лауазымдар атқарды. 2016-2017 жж – коммерциялық ұйымның техникалық директоры болды. 2017-2020 жж. – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары. 2021 жылғы қаңтардан ақпанға дейін «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдың шілде айынан бастап жекеменшік компанияның бас директоры болып жұмыс істеді.