Ұлттық халық санағының нәтижесі қашан жарияланады?

Ұлттық халық санағының нәтижесі қашан жарияланады?

Үкімет отырысында Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов биыл халық санағы бірінші рет онлайн өткенін мәлімдеді.

«Елімізде Ұлттық халық санағы аяқталды. Тұрғындардың барлық санатын қамтыдық. Халықтың 42,5%-і сауалнаманы онлайн толтырды. Санақшылар үй аралап жүріп елдің 57,5%-інен сауалнамаға жауап алды», – деді Нұрболат Айдапкелов.

Енді Ұлттық статистика бюросы жиналған деректерді өңдеп, сараптап, желтоқсан айында алғашқы нәтижесін жарияламақ.