Қазақстанда күн күрт суытады
Қазақстанда күн күрт суытады
Фото: vesti-ua.net
143
оқылды

Алдағы үш күнде ауа райына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді.

Циклон әсерінен батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде жауын-шашын жауады. Жаңбыр соңы қарға ұласады. Жел, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Тек қана оңтүстік, оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Батыс антициклонының әсерінен ауа температурасы төмендейді.