Түркістан облысында WhatsApp мессенджерінде үш чатта ұйымдастырылған қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, – деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
«Агенттіктің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментіне 25 адам қаржы пирамидасына шағымданған. Тексеру барысында Түркістан қаласының тұрғыны «WhatsApp» мессенджерінде «Асыл Инвест», «Оборот 30%» және «30% за 3 дня» чаттарын құрып, хабарлама тарату арқылы азаматтардың қаражатын қаржы пирамидасына тартқаны анықталды. Салымшыларға салым сомасының 30% мөлшерінде пайда алуға кепілдік берілді. Ақша қаржы пирамидасын ұйымдастырушысының банктік шоттарына «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы аударылды» делінген хабарламада.Қазіргі уақытта шағым берген тұлғаларға келтірілген шығын сомасы 24 миллион теңгеден асады. https://www.youtube.com/watch?v=-3pE9lKECfY