СҚО-да тас жолда КамАЗ өртенді

СҚО-да тас жолда КамАЗ өртенді

Солтүстік Қазақстан облысында автожолда қиыршық тас артқан КамАЗ аударылып қалып, өртенді. Бүгін Тайынша ауданы Обуховка елді мекені маңындағы автожолда КамАЗ аударылып, көліктің кабинасынан өрт шықты. Жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды. Апатқа көктайғақ себеп болған. Бүгін түнде СҚО-да қалың қар жауып, оның арты көктайғаққа ұласқан. СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жайында бүгін сағат 9.56 минут кеткенде хабар түскен. Қоңырау шалғандар «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автомобиль жолында КамАЗ көлігінің аударылып, жанып жатқанын айтқан. Көмекке жақын маңдағы Келлеровка елді мекенінің өрт сөндірушілері жетіп, өртті сөндірген. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.