Белгілі промоутер Головкин - "Конело" жекпе-жегі туралы айтты
Белгілі промоутер Головкин - "Конело" жекпе-жегі туралы айтты
Фото: Tengrinews.kz/
146
оқылды
Ұлыбританияның бас промоутерлерінің бірі Эдди Хирн (Matchroom) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) мансабындағы келесі маңызды кездесу кіммен болатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Хирн өткен аптада АҚШ-тың Лас-Вегас (Невада штаты) қаласында өткен бокс кешінде қонақ болып, "Канелоның" өнерін тамашалап, оның алдағы кездесулеріне болжам жасады. Промоутердің ойынша, мексикалықтың мансабындағы келесі маңызды кездесу орта салмақтағы (72,6 келіге дейін) IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) трилогия болмақ.
Меніңше, "Канело" үшін ең басты жекпе-жек - GGG-мен үшінші кездесу. Бірақ, қазір Альварес не жасағысы келсе де, таңдау өзінде тұрған кез. Ол өзінің абсолют статусын сақтап қалса да, 79,4 келіге көтеріліп, Биволмен кездесу өткізсе де болады.
Айта кетейік, 31 жастағы мексикалық Сауль "Канело" Альварес 7 қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) MGM Grand аренасында 29 жастағы америкалық Калеб Плантпен жекпе-жекте жеңіске жетіп, бокстан супер орта салмақтағы абсолют чемпион атанды.