11 қарашаға арналған ауа райы болжамы
11 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: news.myseldon.com

Шығыс, орталық және оңтүстік аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Қазақстанның басым аумағында желдің күшеюі, солтүстік аудандарда жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Сондай-ақ, батыс, солтүстік-батыс және оңтүстіктің таулы аудандарында тұман күтіледі. Ақмола облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с жел соғады. Ақтөбе облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың шығысында желдің күші 5-20 м/с артады. Қостанай облысының солтүстік және шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі. Павлодар облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с екпінде жел болжанады. Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің күші 15-23 м/с болады. Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының таулы және оңтүстік аудандарында тұман, түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Атырау облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, шығысында жел 15-20 м/с артады, түнде екпіні 23 м/с жетеді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ болады.