«Теңіз кенішіне жұмысқа орналастырамын» деген алаяққа сеніп, ақшасынан айырылды
«Теңіз кенішіне жұмысқа орналастырамын» деген алаяққа сеніп, ақшасынан айырылды
Фото: kazlenta.kz
131
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті Атырау қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталған.

«Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық полиция бөлімінен 8 қарашада Атырау қалалық Полиция басқармасына алаяққа алданған тұрғындардың іс-құжаты түсті. Жәбірленушілердің барлығы Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы ірі мекемеге жұмысқа кірмек болған. Оларды «жұмысқа орналастырып беремін» деп алдаған Атырау қаласының 31 жастағы тұрғыны ақшаны өзінің есепшотына аудартып алған. Атыраулық полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде оны ұстады. Тергеу кезінде күдіктінің осындай 6 дерекке қатысы бары анықталды», – деді департамент өкілі.

Қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.