Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 9 қарашада пневмония 176 адамнан анықталды. 4 адам қайтыс болды. Аурудан 212 адам емделіп шықты.
[caption id="attachment_170347" align="aligncenter" > Фото: ДСМ-нен алынды[/caption] Сондай-ақ, 11 қарашадағы мәлімет бойынша, 37 594 адам коронавирустан (32 411 КВИ+ және 5 183 КВИ-) емделіп жатыр.Оның ішінде:
- 6 879 пациент стационарда,
- 30 715 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 505 адамның жағдайы ауыр,
- 136 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 97 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Бүгін коронавирусқа шалдыққандар саны қайта көбейді.