Ресейден әкелінген көлік Қазақстанда тіркелуі керек. Ішкі істер министрлігі қазір Қазақстанда пайдаланылып жүрген көліктердің Ресейде тіркелгенін тексеру үшін, азаматтарға ыңғайлы болу үшін байланыс телефондарына 14 сағат бойы хабарласуға болатын сall-орталықтарды іске қосты.
Жүргізушілер полицияға өздеріне маңызды ақпарат алу үшін жүгіне алады. Call-орталық телефондары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін қоңырау қабылдайды.«Ресейде тіркелген автокөліктердің мәселелері бойынша азаматтар тарапынан өтініштердің көп болуын ескере отырып, ҚР ІІМ сенімді ақпаратты жедел ұсыну үшін ел аумағында call-орталықтар ашты» делінген министрлік ресми хабарламасында.
Бұған дейін бір құжаттың 3 көлікке тиесілі екенін жазған болатынбыз.