Қазақстанның экономикасына ең көп қаржы құйған 10 ел - диаграмма
Қазақстанның экономикасына ең көп қаржы құйған 10 ел - диаграмма
Коллаж: А.Ахметқазы
413
оқылды

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанның экономикасына құйылған шетелдік инвестиция көлемі 11 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл былтырғымен салыстырғанда 30,6%-ға көп. 2020 жылы шетелдік инвестиция көлемі 8,5 млрд доллар болған. Aikyn.kz Қазақстаның экономикасына сенген ең ірі 10 инвестордың диаграммасын жасады.

Инвестиция көлемі бойынша бірінші орында - Нидерланд (3,3 млрд доллар), екінші орында - АҚШ (2,1 млрд доллар), үшінші орында - Швейцария (1 млрд доллар). LS агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның экономикасына инвестиция құюда Нидерланд пен АҚШ 15 жылдан бері  көш бастап келеді.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында аталған елдермен қатар Кипрден 265,8 млн доллар, Оңтүстік Кореядан 233 млн доллар және Чехия мен Исландиядан 100 мың доллар көлемінде инвестиция түскен. Айта кетейік, Қазақстанның ұзақмерзімді инвестиция тартуына басты кепілдердің бірі - мұнай-газ секторының дамуы. Ол ел экономикасының және қор нарығының өсуіне жақсы әсер етті. 2016 - 2021 жыл аралығында Қазақстан нарығы (KASE, Қазақстан қор биржасының индексі) 260%-ға өсті. Дүниежүзілік банктің биыл маусымда жарияланған болжамы бойынша, 2021 жылы Қазақстанның ЖІӨ 3,2%-ға өседі. Ал Еуропа қайта құру және даму банкінің болжамынша, 3% - 3,6% арасында өседі. Қазақстан 2025 жылға қарай жылына 105 млн тонна мұнай өндірмекші. Мұнай қорларынан басқа, елде минералдар мен металдардың бай қоры бар.