Қайрат Лама Шариф Қазақстанның Алжир және Тунистегі елшісі қызметін қоса атқаратын болды
Қайрат Лама Шариф Қазақстанның Алжир және Тунистегі елшісі қызметін қоса атқаратын болды
© inform.kz
166
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қайрат Лама Шариф бірнеше елде елші қызметіне тағайындалды, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.