Nur Otan: астана тұрғындарын газбен қамту мәселесін талқылады

Nur Otan: астана тұрғындарын газбен қамту мәселесін талқылады

Nur Otan партиясы инклюзивті қоғам және газдандыру мәселелерін тұрақты түрде бақылап отыр. Ең өзекті мәселе – көмек сұрап хабарласқан мүмкіндігі шектеулі жандарды қазіргі заманғы техникалық және арнайы жүріп-тұратын құралдармен қамтамасыз ету.

Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Жол картасын іске асырудың бір бағыты – тұрғын үй алаптарын газбен қамту. Бұл халықты табиғи газға көшуге ынталандыруды көздейді. Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.   Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожинаның айтуынша: «көмекке жүгінген 14 227 мүмкіндігі шектеулі адамның барлығының өтініші қазіргі заманғы техникалық және арнайы жүріп-тұру құралдарында өтініш білдірген мүгедектерді қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қызметтер порталына жіберілді. Олардың 11 351-і яғни 80%-ы арнайы құралдармен қамтамасыз етілді.

Халықты табиғи газға көшіру үшін ынталандыру мәселесі және халықтың аз қамтылған топтары үшін дотация беру бойынша: «Өтемақы алу үшін 127 отбасы рәсімделді, оның ішінде 110 отбасы төлем алды. 2021 жылы кем дегенде 100 адам көмек алады. Әлеуметтік осал топтарға 90 АЕК (262 530 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған» – деді Сәуле Нұрғожина.

Жиында партия мүшелері Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына Жол картасының 46-тармағы бойынша халықтың осал топтарына төленетін қаржы сомасын қайта есептеу және қайта қарау үшін мониторинг пен талдау жүргізуді. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының партиялық бақылау комиссиясында Жол картасының 19-тармағын қарауды ұсынды.