Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері әлем чемпионатындағы жетістігі үшін қанша көлемде сыйақы алғаны белгілі болды
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері әлем чемпионатындағы жетістігі үшін қанша көлемде сыйақы алғаны белгілі болды
Фото: vesti.kz
136
оқылды
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Белградтағы сәтті өнер көрсеткені үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Жүлдегерлерді марапаттау кезінде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ұлттық команда бапкеріне 1,4 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Айта кетейік, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшылары бес медаль жеңіп алды. Алтын жүлдені Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов жеңіп алса, күміс медальді Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов еншіледі. Ал жалғыз қола жүлдені Абылайхан Жүсіпов қанағат тұтты. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Куба елі (3 алтын, екі қола) еншілесе, үздік үштікті америкалықтар (2 алтын, 2 күміс) түйіндеді.