Головкин әлем чемпионатына қатысқан қазақ боксшыларының өнерін бағалады
Головкин әлем чемпионатына қатысқан қазақ боксшыларының өнерін бағалады
243
оқылды
IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин бокстан Қазақстан құрамасының Белградта (Сербия) өткен 2021 жылғы әлем чемпионатында өнер көрсетуіне қатысты пікір білдіріп, құттықтады.
"Сербияда өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен қазақстандық боксшылар үшін қуаныштымын. Жігіттерді, жаттықтырушыларды және Кеңес Хамитұлы басшылығындағы федерацияны лайықты нәтижемен құттықтаймын. Азия ойындарына дайындыққа сәттілік тілеймін", – деп жазды GGG өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан боксшылары Белградта өткен бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан екінші орын алды. Теміртас Жүсіпов (48 кг) және Сәкен Бибосынов (51 кг) "алтын", Махмұд Сабырхан (54 кг) және Серік Теміржанов (57 кг) "күміс" алса, Абылайхан Жүсіпов (67 кг) турнирде "қола" иеленді.