Қазақстандық фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды
Қазақстандық фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды
Кинотуындыны Short Brothers (Қазақстан), Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және Arizona Productions (Франция) қомпанияларының қатысуымен Zerde Films (Қазақстан) компаниясы түсірді. Фильм қазақстандық «Бонни мен Клайдтың» оқиғасын баяндайды. Бұл − қылмысқа барған жас Кермек пен жолдан адасқан қыз Еваның махаббат тарихы, ерлі-зайыптылардың арасындағы қиындықтар мен олардың дұшпандық әлемге қарсы тұруы. Кермектің рөлін ресейлік актер Азамат Нигманов ойнады. Көрермен оны Алексей Мизгиревтің «Конвой» және Андрей Шальопаның «28 панфиловшылар» фильмдерінен таниды. Ал Еваның рөлін жас қазақстандық актриса Камила Нұғманова сомдады. Ол бұрын Нариман Төребаевтың «Үлкен қаланың балшығы» және Әлішер Сүлейменовтың «Шатырдағы бұлт» фильмдерінде ойнаған. Оскар номинанттары тізімін жариялау 2022 жылдың 8 ақпанында, ал марапаттау рәсімі 2022 жылдың 27 наурызында өтеді.