Бөтен біреудің көлігін өртеп жіберген семейлік тұрғын ұсталды
Бөтен біреудің көлігін өртеп жіберген семейлік тұрғын ұсталды
Фото: stihi.ru
132
оқылды
Семей тұрғыны ашу үстінде бөтен көлікті өртеп жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 30 қазанда 18 жастағы семейлік тұрғынның Nissan автокөлігін белгісіз біреу өртеп жіберген. Келтірілген залал 1 150 000 теңгені құрады. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 35 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
– Тергеу амалдары барысында қаскөй жәбірленушінің әкесімен бірге үйде ішімдік ішкені анықталды. Ішімдік ішу кезінде олардың арасында жанжал орын алған, ол жанжалдан әкесін қорғап 18 жастағы жәбірленуші араласып, қонақты бір рет ұрған. Осы соққының салдарынан 35 жастағы ер адам ашуланып, көшеге шығып, темекі шегіп, оның тұқылын жәбірленушіге тиесілі Nissan Presea автокөлігінің салонына лақтырып, одан әрі ашуланып қоршаудан шыққан соң сол жерде тұрған ВАЗ-2199 және Nissan Presea маркалы тағы екі көліктің терезелерін сындырып кеткен. Содан кейін мас күйінде өзінің автокөлігіне отырып, үйіне бара жатқанда оны патрульдік наряд тоқтатып, полиция бөліміне жеткізді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.