Джеррард «Астон Вилланы» жаттықтырады
Джеррард «Астон Вилланы» жаттықтырады
166
оқылды

Стивен Джеррард «Астон Вилла» клубының бас бапкері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталған маман ағылшындық клубпен 2,5 жылдық келісімшартқа қол қойды. Осылайша 41 жастағы Джерард «Астон Вилла» клубының тарихындағы ең жоғары жалақы алатын бапкер атанды. – Джеррардтың «Ливерпульде» керемет ойнағанын жақсы білеміз. Ол ең көне шотландиялық клубтардың бірінде өзін сынап көру туралы батыл шешім қабылдап, бапкер ретінде жақсы жетістікке жетті. «Рейнджерспен» ел чемпионы атанды. Сондай-ақ оның еурокубоктегі тәжірибесі біздің назарымызды аударды. Келіссөздер барысында Стивеннің бапкерлік амбициялары, философиясы «Астон Вилланың» жоспарына толық сәйкес келді. Біз Джеррардтың команданы баптауға келіскеніне қуаныштымыз.  Өйткені оның клубтың соңғы жылдардағы жетістіктерді жақсарта алатынына толық сенеміз, – деді «Астон Вилланың» директоры Кристиан Перслоу.

Бұған дейін команданы жаттықтырған Дин Смиттің нәтижесі көңілден шықпағасын клуб жетекшілері ағылшындық маманды қызметінен босатқан болатын. Әзірге «Астон Вилла» АПЛ-де 11 ойында 10 ұпай жинап, 16 орында келеді.