Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
187
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес, 15 қарашадан бастап сауда және ойын-сауық орталықтарына жұмыс және демалыс күндері тек "жасыл" статус алған адамдар ғана кіре алады.
«Сауда-ойын-сауық орталықтары жұмыс және демалыс күндері қызметкерлер мен келушілердің «жасыл» мәртебесі болған жағдайда (толық вакцина алған, 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандар) штаттық жұмыс кестесіне сай, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы карантин талаптарын сақтай отырып қызметін жалғастырсын» делінген қаулыда.

Жаңа қаулы 15 қарашадан бастап күшіне енеді.