Семейде екі бала мен әйелді қағып кеткен жүргізуші ұсталды
Семейде екі бала мен әйелді қағып кеткен жүргізуші ұсталды
Семей қаласында әйел мен оның екі баласын қағып кеткен 16 жастағы жүргізуші ұсталды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 10 қараша күні сағат 18.00 шамасында болған.
«Морозов-Шевченко көшелерінің қиылысында әйел мен оның 2 және 3 жастағы балаларын қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні тапты. Ол «ВАЗ 2113» көлігін тізгіндеген 16 жастағы жасөспірім болып шықты» делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.