10 айдағы жұмыстың есебін берді

10 айдағы жұмыстың есебін берді

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Ұлт денсаулығы мәселелері» жөніндегі қоғамдық кеңестің 10 айда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Жиынды пар­тияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары, фрак­ция жетекшісі Бекайдар Төлегенов ашып, жүргізіп отырды.

«Nur Otan» партиясының «Өз­геріс­тер жолы: әр азаматқа лайық­ты өмір!» атты сайлауалды бағ­дарламасы бойынша Шымкент қа­ласының Жол картасына енген әлеу­меттік саланың бірі – ме­ди­ци­на. Ол бойынша биылдыққа 17 іс-шара қарастырылған. Биыл 2 ме­­­­дициналық нысанның орнына жеке инвесторлар 5 медициналық ор­талық (Модульді жұқпалы ауру­лар ауруханасы, «Қазығұрт» кли­ни­касы, Asem Medikal медицина ор­­­талығы, Sunkar Premium ме­ди­ци­на орталығы, №14 емдеу ор­та­лы­ғы) ашты, тағы 3 медициналық ме­кеменің күрделі жөндеу жұмысы аяқталу үстінде. Сайлауалды бағдарламада не­гізгі басымдық берілген тағы бір сала – спорт. Жол картасына сәй­кес биыл 10 іс-шара жоспарланып, «Бұ­қаралық спортты дамыту» ба­ғыты бойынша Шымкентте 7 ст­рит-воркаут алаңшасы ашылды. Сон­дай-ақ бюджет есебінен – 101, де­меушілер есебінен 14 спорт алаң­шасын ашу жұмыстары жал­ға­сып жатыр. Жалпы, Шымкентте қа­зір 37 спорт секциясы жұмыс іс­теп тұр. Биыл жеке инвесторлар есе­бінен 1 200 орындық 2 спорт ке­­­­шені ашылды.
«Жол картасына енген ны­сан­дар­да күрделі жөндеу жұ­мыс­та­ры­ның тиімді іске асырылуын және пан­демияға байланысты ден­сау­лық сақтау саласындағы өзекті мә­селелер дер кезінде партияның бақылауына алынып, шешу мақ­сатында іс-шаралар өткізілді. Осы мақсатта бүгінге дейін Қоғамдық кеңес­те жалпы саны 4 жоспарлы оты­рыс, 1 кезектен тыс отырыс, 3 аза­­­маттарды қабылдау, 10 ме­ди­ци­налық нысан мен 1 спорттық ны­сан­да 4 көшпелі іс-шаралар өт­кі­зілді»,– деді Бекайдар Төлегенов.
Одан бөлек, сирек кездесетін ау­рулары бар азаматтарға Қоғам­дық кеңес тарапынан қолдау көр­сетілді. Жалғыз қызымен тұра­ты­нын денсаулығы нашар жалғыз­бас­ты анаға қаржылай көмек көр­­­­сетілді.

Би-Барыс КӨКШЕ